Мақтан тұтамыз. Алғыс айтамыз!

24.04.2025

2025 жылы 24 сәуір күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК акт залында Жеңістің 80 жылдығына арналған музыкалық-патриоттық байқау-фестиваль өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың патриоттық сана-сезімін, азаматтық белсенділігін, тарихи ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту. Бұл қасиеттер жас ұрпақты елінің тарихи мұрасын, мәдени байлығын құрметтейтін, Отанын қорғауға дайын тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталған. Фестивальге колледждің 1 және 2 курс білім алушылары қатысты.

Байқау өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Сахнада Отан, соғыс, сарбаздар туралы талай жүрек тебірентер әсем әндер шырқалды. Барлық қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын атап өткен жөн. Студенттер әндерді үлкен патриоттық рухпен, Отанға деген мақтаныш сезімімен орындады. Әрбір өнер көрсетілімінде терең эмоция мен шынайылық сезіліп тұрды, көрермендерді де, қатысушыларды да бейжай қалдырмады. Бұл – жас ұрпақтың әнді сүйіп, құрметтеп, ұмытпайтынының айғағы.

Фестиваль барысында бейне және аудио презентациялар көрсетіліп отырды. Жүргізушілер әрбір әннің алдында оның тарихи мәні мен маңызын атап өтуді ұмытпады. Бұл концерт қана емес, оған дайындықтың өзі де балалардың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін, Ұлы Жеңісті сыйлаған қаһармандарға деген шексіз алғысты, биік патриоттық рухты қалыптастыратын тамаша тәрбие құралы болды.



Текст
Виртуальная приемная